RU

Алматылықтар саяжайға бару үшін қандай шарттарды орындау керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астана әкімдігі саяжайға баратын алматылықтар орындауға міндетті шарттар тізімін жариялады. Ерлан Қожағапанов өз иелігіндегі жерге бару үшін қандай құжаттар керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Оның сөзінше, жедел штаб алматылықтар қала аумағындағы ғана емес, Алматы облысында орналасқан саяжайларына да бара алады деген шешім қабылдаған.

"Саяжайға бару үшін тиісті ережелерді сақтау қажет: құқық белгілеуші құжаттар, тұлғаны растаушы құжаттар, бетперделер мен антисептиктердің болуы шарт. Саяжай аумағынан шығуға, қонақтар мен көршілерді шақыруға қатаң түрде тыйым салынады. 65 жастан асып кеткен адамдарға әлі де үйде оқшаулануға кеңес береміз" - деді Қожағапанов.

Шенеунік саяжай иелерінің көпшілігі егде жастағы азаматтар болғандықтан, құжаттарды электронды түрде ұсынудың қажеті жоқ екенін айтты. Саяжайларды қолдануы тәртібін бұзған адамдар анықталған бетте бірден жазаланатын болады.

Алматылықтар блок-бекеттеріне дейін автобуспен жете алады. Ары қарай қалай жетудің қамын тұрғындар өздері шешу керек. Олар жаяу, такси немес өз көлігімен кетуіне де болады. Көлікті қолданған жағдайда авто ішінде үш адамнан артық болмау керек.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда блок-бекеттер қашан ашылатынын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылықтар саяжайға бару үшін қандай шарттарды орындау керек