Выйти
RU

Алматы әкімдігі: Аулада спортпен шұғылдануға тыйым салынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы аулаларында спортпен шұғылдануға тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімнің орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн-брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігі: Аулада спортпен шұғылдануға тыйым салынады

Көрнекі фото: riakchr.ru

Оның сөзінше, біріншіден, подъездері карантинге жабылған аула алаңдарына шығуға тыйым салынған. Екіншіден, аула алаңдарының ішінде спортпен айналысуға болмайды.

"Біз адамдарға таза ауамен демалуға, сыртқа шығуға мүмкіндік бергіміз келеді. Қалалықтар серуендеуге шыға алады, бірақ бұл уақытпен және санитарлық нормалармен шектелген. Барлық тәртіптің сақталуын полиция департаменті қызметкерлері бақылайтын болады", - деді Қожағапанов.

Оңтүстік астана әкімдігі саяжайға баратын алматылықтар орындауға міндетті шарттар тізімін жариялады. Ерлан Қожағапанов өз иелігіндегі жерге бару үшін қандай құжаттар керек екенін айтты.

Оның сөзінше, жедел штаб алматылықтар қала аумағындағы ғана емес, Алматы облысында орналасқан саяжайларына да бара алады деген шешім қабылдаған.

"Саяжайға бару үшін тиісті ережелерді сақтау қажет: құқықты растаушы құжаттар, тұлғаны растаушы құжаттар, бетперделер мен антисептиктердің болуы шарт. Саяжай аумағынан шығуға, қонақтар мен көршілерді шақыруға қатаң түрде тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға әлі де үйде оқшаулануға кеңес береміз" - деді Қожағапанов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімдігі: Аулада спортпен шұғылдануға тыйым салынады