Выйти
RU

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақпен қатынағандар карантинге алына ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақпен қатынаған отандастарымыз карантинде бола ма? Бүл сауалаға қатысты оңтүстік астана әкімдігі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ел ішінде басқа қалаға ұшып барғандар карантинге жатқызыла ма

Фото: pixabay.com

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша, Алматыдан Нұр-Сұлтанға және кері бағытта ұшып барған жолаушылар карантинге жатқызылмайды.

Алайда жолаушылар белгіленген ережелерді сақтауы шарт.

Алдымен, жолаушылар өзі тұратын қалада ПРТ тестілеуден өтуі керек. Бұл анықтама 7 күнтізбелік күнге жарамды болады.

Қала тұрғындары әуежайда, ұшу алаңы мен ұшақта медициналық бетперде тағуы қажет, сондай-ақ дене қызуы тексерілетін болады. Ұшақ келесі қалаға қонған соң, жолаушы еркін түрде қалаға кіре алады.

Одан бөлек, жолаушылар шетелден немесе Теңіз секілді аймақтан ұшып келген болса, екі күндік карантин қарастырылған.

Айта кету керек, мемлекет басшысы күні кеше жасаған мәлімдемесінде 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстері ашылатынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, екі бағытта ұшатын жолаушылар қандай ережелерді білуі тиіс екенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақпен қатынағандар карантинге алына ма