Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ұшақ билетінің бағасы бекітілді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ұшақ билеттерінің бағасы бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ұшақ билеттерінің бағасы бекітілді
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Аталған ақпарат ведомствоның ресми Telegram арнасында пайда болды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күніне 4 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында әуе рейстерін ашу туралы шешім қабылдады.
Сұраныс жоғары бағыт бойынша ұшудың басталуы саланы қалпына келтірудің алғашқы қадамы болады. Әуе рейстері ҚР ДСМ Көліктегі Бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларының күшейтілген жағдайында орындалады.
Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет бағасын сатып алу күні мен уақытына байланысты 7-ден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі.
Алдағы уақытта, жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстері ашылатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853356-nr-sltan-almaty-bagytyndagy-sak-biletini-bagasy-bekitildi/

pixel