Выйти
RU

Ресейлік биолог жаңа коронавирустың жарқанаттан тарағанын жоққа шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеу мемлекеттік университетінде қызмет ететін биолог, жарқанаттар бойынша маман Сергей Крускоп жаңа коронавирус адамдарға жарқанаттар арқылы келді деген нұсқамен келіспейді. Оның сөзінше, бұл әлемдегі вирустың тарауына себеп емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Пандемия жарқанаттан тарады ма: Биолог күмән келтірді

Фото: © РИА Новости / Владимир Федоренко

"Инфекцияның жарқанаттармен байланысы- нағыз фейк, олар арқылы таралған жоқ. Вирус адамнан адамға делдалсыз жұға беретіні түсінікті. Ал жарқанаттардан қауіп тек топтанып жиналғанда ғана туады. Бақытқа орай ма әлде өкінішке қарай ма, таулы аудандардан басқа жерлерде жарқанаттардың бұлай жиналуы тіпті болмайды. Олар он-жиырма болып жиналуы мүмкін, ал 100-150 болып жиналуы сирек кездеседі. Мен ешқашан жүздеген жарқанаттың жиналғанын көрмеппін",- дейді Крускоп.

Биолог маман COVID-19-ға ұқсас вирус жарқанаттан байқалғанын айтады, бірақ олардың сәйкестігі дәлелденбеген.

Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сүйенсек, 28 сәуір сағат 6.20-дағы жағдай бойынша, әлемде коронавирус инфекциясы 3 036 770 адамнан анықталды. Жұқтырудың ең көп жағдайы Америка Құрама Штаттары аумағында тіркелген.

Сонымен қатар COVID-19 әлемде 210 804 адам көз жұмса, тоғыз жүз мыңнан аса тұрғын емделіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік биолог жаңа коронавирустың жарқанаттан тарағанын жоққа шығарды