Выйти
RU

Павлодарда газ баллонын тексермек болған әйел адамның ас үйі өртке оранды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылының тұрғыны үйіндегі баллонның газ өткізіп не өткізбей тұрғанын тексеру үшін оның жанында сіріңке жаққан. Салдарынан әйел адамның ас үйінен өрт шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: Павлодар облысының ТЖД

Оқиға орнынан фото: Павлодар облысының ТЖД

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Тереңкөлде өрт сөндірушілерге түскі уақытта қоңырау түскен.

Оларға телефон арқылы үйлердің бірінде өрт шыққаны хабарланды. Өрт сөндіру бөлімшелері дереу оқиға орнына аттанған. Ал үйге жеткен кезде бұл ақпарат расталған.

Белгілі болғандай, өрт үш бөлмелі үйде болған. Ал үй қамыстан салынған.

"Оқиға орнына жеткен кезде ас үйдің іші жанып жатқаны анықталды. Барлау жұмыстары кезінде газ баллоны шығарылды", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнынан фото: Павлодар облысының ТЖД

Оқиға орнынан фото: Павлодар облысының ТЖД

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, бұл өз кезегінде адам шығыны мен зардап шегушілерді болдырмауға мүмкіндік берген. Сондай-ақ қызыл жалын да бүкіл үйге тарап үлгермеген.

Өрттің себептерін анықтау кезінде, үй иесі жазатайым оқиға болғанын айтты. Анықталғандай әйел адам ас үйде баллоннан газ шығып тұр ма, соны тексермек болған. Ал ол үшін сіріңке қолданған.

Нәтижесінде қауіптенгі расталып, үйі өртеке оранған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде балабақшадан өрт шығып, 80 бүлдіршіннің эвакуацияланғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда газ баллонын тексермек болған әйел адамның ас үйі өртке оранды