Выйти
RU

Қазақстандықтар екінші рет 42500 теңгені қашан алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустың салдарынан төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл көптеген кәсіпорындар жұмысын әлі бастаған жоқ дегенді білдіреді. Осыған байланысты қазақстандықтар 42,5 мың теңгені екінші рет қашан алатынын сұрауда. Бұған қатысты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар екінші рет 42,5 мың теңгені қашан алады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Төлем (42,5 мың теңге мөлшеріндегі жәрдемақы - ред.) бір рет тағайындалады, ай сайын карантин кезеңінде төленеді. Мысалы, адам алғашқы төлемді 25 наурызда алса, ал кейінгісін 25 сәуірде алады", - деп хабардар етті Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар, ведомство құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Наурызда ақша алған барлық адамдарға екінші айда автоматты түрде қаражат түседі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та елімізде Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға келесі айда да 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы берілетінін айтқан еді.

Айта кетейік, елімізде ТЖ режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Әзірге ойын-сауық және сауда орталықтары жабық болады.

Ал 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар екінші рет 42500 теңгені қашан алады