Выйти
RU

Сынама теріс шыққан: Алматы облысындағы әйелдер түрмесінен карантин алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Іле ауданындағы ЛА-155/4 түзеу мекемесінде карантин режимін алып тастауға рұқсат берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сынама теріс шыққан: Алматы облысындағы әйелдер түрмесінен карантин алынды

Көрнекі фото: pixabay.com

Айта кетерлігі, бұған дейін осы колонияда жазасын өтеуші жүкті әйел коронавирусқа бірнеше рет сынама тапсырған болатын.

Себебі ол қаралып жүрген аудандық ауруханадан вирус жұқтырғандар анықталып, карантинге жабылған. Оған қоса, келіншек босануға дайындалып жүріпті. Сол кезде сынама оң нәтиже көрсеткен.

"Кеше ол екінші рет коронавирусқа тексерілді. Сынама теріс нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, онымен байланыста болған 67 сотталушы мен мекеме қызметкерінен сынама алынды. Олар да вирус жұқтырмаған", - делінген ресми хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемесінде санитарлық шаралар қолға алынған.

Түрмелерде күніне екі рет дезинфекциялық тазарту жүргізіледі. Мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеушілер медициналық маска тағып жүреді. Антисептикалық құралдар пайдаланылады. Сотталғандардың иммунитетін күшейту үшін тамақ көбірек беріледі. Тағамдарға С дәруменін көп қосады.   

Түрмеде сотталған адамдарға туған-туыстармен кездесуге тыйым салынған. Алайда телефон және бейнебайланыс арқылы сөйлесуге болады. Сәлем-сауқат пен бандерольді шектеусіз қабылдай береді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сынама теріс шыққан: Алматы облысындағы әйелдер түрмесінен карантин алынды