Выйти
RU

Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін түрмеден тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының тумасы Антонина Севостьянова өзінің туған ағасын қатаң режимдегі колониядан тауып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты

Көрнекі фото: pixabay.com

Қылмыстық атқару жүйесі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Гүлім Қойшыбаеваның мәлімдеуінше, 1997 жылы бір үйдің үш баласын жан-жаққа таратып жіберіп, Светлана мен Антонина деген екі қыз Федоров балалар үйіне түскен. 

"Антонина бес айлық нәресте болған. Содан оны Қарабалықтағы сәбилер үйіне жібереді. Сол жерде оны бір жанұя асырап алған. Одан соң 13 жасында Германияға көшіп кетіпті. Антонина 18 жасқа келгенде асырап алған ата-анасы Қазақстанда ағасы бар екенін айтқан", - дейді Қойшыбаева.

Сол уақыттан бастап Антонина туған ағасын іздеуге кіріседі. Ол тіпті "Жди меня" бағдарламасына да қатысқан. Бірақ одан нәтиже шықпайды.

Осыдан кейін Қостанай облыстық әкімдігіне хат жазып, ағасын тауып беруді сұраған. Сол жерде оған ағасының табылғанын және оның түрмеде отырғанын айтады.

Артынан Антонина қатаң режимдегі колонияға хабарласып, ағасымен кездесу ұйымдастыруды сұрады.

Оның арманы орындалып, түрме қызметкерлері онлайн кездесуді Skype арқылы ұйымдастырып берді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін түрмеден тапты