Выйти
RU

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекцииясын жұқтырғандардың саны 1 миллион адамнан асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны миллионнан асты

Фото: pixabay.com

Жер бетінде коронавирустың таралуын бақылайтын Джонс Хопкинс университетінің дерегіне сәйкес, COVID-19 жұқтырған америкалықтардың жалпы саны қазірдің өзінде 1 миллионнан асып түскен.

АҚШ әлемде ауру жұқтырған азаматтарының саны жағынан бірінші орында тұр. Содан кейін көшбасшылар тізімінде Испания орналасқан. Бұл елде АҚШ-қа қарағанда вирус жұқтырғандар саны 4 есе аз.

Ал әлем бойынша 3,11 миллион адам коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар АҚШ COVID-19 инфекциясын жұқтырып, көз жұмғандар саны бойынша да бірінші орында. Айта кету керек, бір Нью-Йорктің өзінде өлім-жітім жағдайы Германия мен Бельгияға қарағанда көбірек анықталған.

Бұл еуропалық мемлекеттер де коронавирус ауруынан қайтыс болғандардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді.

Қазіргі кезге дейін Америка Құрама Штаттарында 115 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп шыққан. Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ дүниежүзінде 3-ші орында.

Айта кету керек, бүкіл әлем бойынша емделген адамдардың саны Америкада вирус жұқтырған пациент санына қарағанда азырақ. Осы уақытқа дейін 923,8 мың адам ауруынан айыққан. Бұл көрсеткіш бойынша Испания біраз уақыт бірінші орынды иеленген Германияны басып озып, көшбасшы атанды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-та карантин шараларына қарсы болған белсендінің коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны миллионнан асты