Выйти
RU

"Індет өте қауіпті": Нурмагомедов коронавирусқа байланысты үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында коронавирус пандемиясына байланысты жазба қалдырды. Атақты спортшы бұл шынымен өлімге әкелетін ауру екенін атап өтіп, адамдарды сақ болуға және қажет болмаған жағдайды үйден шықпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Осы қасиетті айда дағыстандықтарға және мені танитындардың барлығына үндеу жасағым келеді. Көп адамдар бұл проблема біздің үйді айналып өтеді деп үміттенген, көбі жағдайдың ушығып тұрғанына әлі сенбейді.
Біздің дәрігерлердің кеңестері мен өтініштеріне немқұрайлы қарауымыз аурудың қарқынды таралуына себеп болды. Онысыз да ауыр жағдайды күннен күнге ушықтыруымыз біздегі ауруханалардың науқастарға толып қалуына әкелді. Бүгінде елде медицина мамандары мен дәрі-дәрмектер жеткіліксіз. Ал науқастар саны тек өсіп жатыр.
Маған сеніңіз. Індет өте қауіпті және оны біз өзімізде сеземіз. Үйден шықпау арқылы дәрігерлер мен ауруханалардың жұмысын жеңілдете аламыз және өзіміз сақтық шараларын сақтай отырып, біреудің өмірін сақтап қалуға себеп болуымыз мүмкін.
Жақын адамдарыңызды сақтаңыз. Оларды қажет болмаса үйден шығармаңыз. Алла бәрімізді ауру-сырқаудан қорғап, әлемде барлық ауырып жатқан науқастар мен олардың туыстарына шипасын берсін", - деп жазды Нурмагомедов.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Еске сала кетсек, бұған дейін UFC чемпионының әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың ауруханаға түсіп қалғанын хабарлаған едік.

Дәрігерлер жаттықтырушыға пневмония диагнозын қойған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Індет өте қауіпті": Нурмагомедов коронавирусқа байланысты үндеу жасады