Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Найман әлемде 200 мыңнан аса адам қайтыс болған коронавирусты жоққа шығарды

Опубликовано:

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов желіде коронавирус инфекциясының жоқ екенін айтып, жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Қуат Хамитовтың Instagram желісіндегі парақшасынан алынды
Фото: Қуат Хамитовтың Instagram желісіндегі парақшасынан алынды: Instagram

Ел арасында "Найман" лақап атымен талылған ММА шебері өз жазбасын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Достар, коронавирус туралы тақырыпты жабайық! Біріншіден, егер вирустың бары рас болса, үш айда кем дегенде Алматының жартысы өліп қалар еді. Ал максимум бұл - Барахолка мен Жаркент. Себебі коронавирус желтоқсан айында пайда болған...
Екіншіден, бізге кешірек келді, ал елімізде медицина өлген, олар әлі күнге дейін басқа аурулардың нақты белгілерін анықтай алмай жатыр. Бұл дәрігерлердің кінәсі емес, бізде осындай жүйе. 
Үшіншіден, біліп қойыңыздар, вирус жайлы айтып, дүрлігіп жатқан елдерде саяси проблемалар бар және олар халық көшеге шығып кетпес үшін осы сәтті өз жағына тиімді пайдаланып отыр! Экономика, сайлаулар, доллар көтерілді, билік үшін күрес, мұнай өлді дегендей. 
Төртіншіден, маған жоқ вирус жайлы жазып, қайта-қайта сұрауды доғарыңыздар!", - деді Қуат Хамитов.

Еске сала кетсек, бұған дейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов коронавирус пандемиясына байланысты оқырмандарына үндеу жолдап, коронавирустың өте қауіпті екенін ескертіп, қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға шақырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853491-kuat-najman-lemde-200-mynan-asa-adam-kajtys-bolgan-koronavirusty-zokka-sygardy/

pixel