Выйти
RU

АҚШ-та коронавирус жұқтырған дәрігер өзіне қол салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

COVID-19 инфекциясы анықталған Нью-Йорктегі аурухананың жансақтау бөлімінің бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсады. Әйел адам коронавирус жұқтырғанына қарамастан, пациенттерге көмектескісі келген. Дегенмен ақыр соңында эмоционалды күйзелісті жеңе алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Medialeaks.ru сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йоркте коронавирус жұқтырып, емделуден бас тартқан дәрігер қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Манхэттеннің солтүстігінде орналасқан Presbyterian Allen Hospital-ның жансақтау бөлімінің бас дәрігері Лорна Бриннің өлімі жайлы сейсенбі, 28 сәуір күні белгілі болған.

Брин дәрігер ретінде коронавируспен күресудің алдыңғы шебінде жүрген. Кейін ақ халаттының өзінен жұқпалы індет анықталып, уақытша жұмыстан шеттетіледі. Алайда Брин әріптестеріне пациенттерді емдеуді жалғастыруы қажет екенін айтып, сендіруге тырысады:

Ол өзінің денсаулығынан гөрі өзгенің амандығы мен хал-жағдайына қатты алаңдайтын дәрігер болған.

Әріптестерінің айтуынша, Брин ауруханадан тыс кезде де пациенттерді ойлап жүреді екен.

Ал туыстары болса, коронавирус жұқтарған науқастармен жұмыс кезінде пайда болған күйзеліс оның өз-өзіне қол жұмсауына себеп болғанына сенімді.

Айта кетейік, қазір АҚШ-тағы медицина қызметкерлері мен бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үздіксіз жұмыс істеп жатыр, өйткені елде жұқпалы аурудың көрсеткіші күн санап өсіп келеді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазіргі жағдай бойынша АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны миллионнан асқан. Бұл пандемиядан зардап шеккен барлық мемлекет арасында абсолюттік рекорд.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та коронавирус жұқтырған дәрігер өзіне қол салды