Выйти
RU

Арбаға таңылған жігітке жар болып, үш ұлдың анасы атанған келіншек елдің алғысына бөленді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Арбада отырмын-ау" деп жасымай, шаңырақ көтеріп, үш баланың әкесі атанған Темірланның тағдыры жүрегі жылаған кез келген жанға жігер берері сөзсіз. Қиыншылыққа мойымай, ел қатарлы өмір сүріп жатқан жігерлі азамат жайлы KAZ.NUR.KZ тілшісінің материалынына оқыңыз.

Фото: Жеке мұрағат

Фото: Жеке мұрағат

23 жасында арбаға таңылған Темірлан Романқұлов І топ мүгедегі. Ол Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында тұрады.

Бала күнінде анасынан ерте айрылған азамат жастайынан жетімдіктің де дәмін татқан.

Үлкен ағасының қолында ер жетіп, еңбекке ерте араласқан. Дегенмен ауыр жұмыстың салдарынан белі ауырып, ұзақ жыл төсекке таңылған. Ал кейін қол арбаға тәуелді болады.

Оның үстіне есту қабілеті де нашарлап кетеді. Бірақ жасымады.

Арбада отырып спортпен айналысып, достарымен хат жазысу арқылы байланысын үзген жоқ. Әлеуметтік желіден көп достар тапты, болашақ жарын да желіден жолықтырады.

"Арбаны серік қылғаныма 11 жыл болған. Алғашқы жылдары емшілер екі жылдан кейін тұрасың дегенде "екі жыл бойы қалай шыдаймын" деп күйінетін едім. Басқа салса көнеді екенсің. 25 жастан кейін отбасылы болған жолдастарыма қызығатын болдым. Алладан "өзің уәде еткен сыңарымды жібер" деп дұға қылдым.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Үйленемін" дегенде айналамның бәрі таңғалғаны рас. Арбамды сүйреп, сөз байласып жүрген атыраулық сұлуды алып келдім. Сол кезде Атыраудағы, Ақтөбедегі ағайындарды осылай таңғалдырғанымыз бар. Аллаға шүкір, қазір шекесі торсықтай үш ұлым бар", - дейді Темірлан.

Сағы сынбай сырқатымен күресіп келе жатқан азаматтың адал жары Гүлмира да ауыртпалыққа мойымағынын, керісінше бақытты екенін айтады.

"Мен бақытты әйел, бақытты анамын. Осындай шын бақытқа жеткізген Аллаға сансыз мадақ айттым. Қазір үш ұлымыз бар. Әлі де Алланың бергенін дүниеге әкеле беремін. Жолдасым балалардан күш алады. Біз толыққанды отбасымыз. Осындай азаматқа жолықтырғаны үшін күнде зікір айтып, Аллаға шүкір деймін. Менің арманым - күйеуім жүрсе де, жүрмесе де бір жастықта қартайып, кең сарайдай үйде балаларымыздың кызығын бірге көру, немере, шөбере сүю", - дейді Темірланның жары.

Ерлі-зайыптылардың Нұрсұңқар, Кемеңгер, Ислам есімді ұлдары ата-анасының қуанышы болып өсіп келеді. Аттарын да әкелері қойған. Ал үйдің бар тірлігі Гүлмираның мойнында.

"Үйдің жөндеу жұмыстарын да өзім істей аламын, адам жалдаған емеспіз. Көп қабатты үйдің бірінші қабатында тұрамыз. Күйеуімді үйге өзім кіргізіп, шығарамын. Мен ешқашан қиналған емеспін. Керісінше, күйеуім этаж үй тар деп қиналып кетеді. Жер үй алуға қаражатымыз жетпей жүр.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Осы үйіміз сатып, үстіне ақша қосып жер үй салуды армандап қоямыз. Әкесі балаларды өзі суға шомылдырғанды жақсы көреді. Ваннада бір-біріне су шашып, ойнатып, жуындырады. Соған қарап өзімнің жүрегім тынышталады. Бақытты екенімді сезініп, Аллаға алғыс айтамын", - дейді Гүлмира.
Фото: Жеке мұрағат

Фото: Жеке мұрағат

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арбаға таңылған жігітке жар болып, үш ұлдың анасы атанған келіншек елдің алғысына бөленді (фото)