Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманбаева мен Жорабаева 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісін жақтап шықты

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаева он жылға сотталып кеткен ақтөбелік жетім жігітке араша сұрады. Қос әнші бұған дейін желіде шу көтерген әріптестеріне қосылып, Әліби Өтепбергеннің жазықсыз айыпталғанын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva/alibige_adildik/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva/alibige_adildik/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алтынай Жорабаева өнер өкілдерінің үндеуін қолдап, он жылға бас бостандығынан айырылған жігітті жақтап шықты. Ол Instagram парақшасында Әлібиге қатысты жазба жариялаған.

"Құрметті менің оқырмандарым! Үнемі шындық іздеп, халықпен етене араласып, халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлап жүретін Бибігүл Дәулетбекқызының парақшасынан Әліби деген жап-жас балаға араша түсіп, әділдік сұрап жатқанын көріп қалдым да мен де бей-жай қарап отыра алмадым. Әліби Өтепберген Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті екен. Анасы жоқ жетім бала.

Өткен жылы жазда 2-курсты аяқтаған соң, ақылы бөлімде оқитын болғандықтан жазда ақша табуға лагерьге барып, айналдырған 4-5 күннің ішінде жасөспірім балалар жапқан жаланың құрбаны болыпты. Содан 8 ай түрмеде жатқан Әлібиді наурыз айының соңында 10 жылға соттау туралы үкім шығыпты. Әліби Меруерт Өтекешова апайымыздың шеберханасында шыңдалып жатқан студент. Өзі топ старостасы. Тәрбиелі, өнерлі, көпшіл жігіт. Өнердегі ізбасарымыз. Осы бір жап-жас жігіт туралы достарының, халықтың жазып жатқан пікірлерін оқысаңыздар бір негатив таппайсыздар.

Бұл баланың орнында кез-келген адам болуы мүмкін. Менің де інім бар, құдай сақтасын, осындай күн туса мен де шырылдаймын. Жақында Ақтөбе облысында аппеляциялық сот өтпекші. Сол сотта Әлібидің ақталып шығуына қолдау ауадай қажет! Темір тордың арғы жағында отырған Әліби көпшіліктің қолдауына зәру. Жазықсыз жаланың құрбаны болған жетім балаға қолдау көрсетейікші, ағайын! Әріптестер, сіздер де бейтарап қалмаңыздар" , -деп жазды өнер иесі.

Жорабаеваның үндеуіне Айгүл Иманбаева да қосылды. Ол да жетім балаға жала жабылды деп есептейді.

"Әлібиге әділдік.Баланың жазықсыз, жаламен кеткені мәлім. Сөйте тұра, үндемей қалуға менің де ана жүрегім шыдамады. Үмітсіз шайтан ғана емес пе? Әліби әлі де ақталып шығады деп сенемін. Әліби жасыма. Алла күш берсін. Дүйім ел сені жақтап, үн тастауда. Жалғыз емес екеніңді ұмытпа, біз саған сенеміз" , - деп жазды ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853531-zalgyz-emessi-imanbaeva-men-zorabaeva-10-zylga-sottalgan-lager-trbiesisin-zaktap-sykty/

pixel