Выйти
RU

"Зорлық-зомбылық": Қайрат Нұртастың әйелі карантиннің кем тұсын атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың жары карантинде зорлық-зомбылық өршіп кеткеніне алаңдаулы. Жұлдыз Әбдікәрімова үйден шықпай оқшаулану кезінде отбасылардағы ұрыс-керістің көбеюіне қатысты өз ойын айтты. Ол ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдан бүгінде балалар опық жеп отырғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жазба жариялап, карантиннің кем тұсы жайында бар шындықты ашты. Хитменнің жары жанұядағы зорлық-зомбылық балаларға тек кері әсерін тигізетінін айтып, бұл мәселеге қатысты өз кеңесін берді.

"Карантиннің бір кем тұсы - отбасындағы зорлық-зомбылық. Қазір тіптен өршіп кеткендей. Қысым қазір тек әйелі мен күйеуінің арасында болып жатқан жоқ. Ата-ана мен баланың да арасында бар. Қол көтермесе де писихологиялық, моральдық қысым көрсетілуі бек мүмкін. Мысалы: “Шашыңды жұлам, жаныңды шығарамын, сен әбден түбімізге жеттің” сынды және мұнан да зорғы бейәдеп сөздер, тіпті әке мен шеше арасындағы ұрыс та бала үшін отбасындағы қысымға жатады. ⠀ Өкінішке қарай, қазіргі таңда ата-анасына ренжіген бала әр үйде бар. Ол реніштің ашуға, ашудың өкпеге, өкпенің кекке айналуы қорқынышты әрі қауіпті. Сондықтан ата-аналар баламен достасып, көңіліндегі кірбіңін сейілтіп, махаббатына бөленуі мен бөлеуі үшін қазірден қамданса екен деймін. Ересектер үшін бала ешқашан опық жемеуі керек" , - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың отбасы карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсеткен болатын. Жұлдызды әулет көңілді видеосымен бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Зорлық-зомбылық": Қайрат Нұртастың әйелі карантиннің кем тұсын атады