Выйти
RU

Моңғолия президентінің бірінші әйелі парламенттік сайлауға түспек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биыл 208 тәуелсіз кандидат Ұлы Мемлекеттік Хуралаға сайлауға түспек. Бұл туралы мемлекеттік аудит басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

Моңғолия президентінің бірінші әйелі парламенттік сайлауда дауысқа түспек

Фото: centralasia.media

Кандидаттардың бірі Моңғолияның қазіргі президенті Халтмаагийн Баттулганың бірінші жары Ц.Энхтуяа.

Баттулга мен Энхтуяаның ажырасқанына біраз уақыт болған.

Ц.Энхтуяа- "Нүүдэлчин" (Көшпенді) компаниясының директоры. Екі егіз ұлды тәрбиелеп келеді.

Одан бөлек, парламенттік сайлауға Баттулганың үш кеңесшісі де қатысады. Олар да нәзік жандылар.

Айта кетейік, 10 наурызда Моңғолияның мемлекеттік төтенше жағдай комиссиясы мемлекетте коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегін тіркеді.

Монцаме ұлттық ақпарат агенттігі мәліметінше, вирус жұқтырған адам 2 наурыз күні Моңғолияға Франциядан Мәскеу арқылы транзитпен келген.

Естеріңізге сала кетейік, оған дейін Қытайға іс-сапармен болған Моңғолия делегациясы екі аптаға карантинге жатқызылғанын хабарлаған едік.

Олардың ішінде мемлекет президенті Халтмаагийн Баттулга бастаған лауазымды тұлғалар да болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Моңғолия президентінің бірінші әйелі парламенттік сайлауға түспек