Выйти
RU

4 мамырдан бастап сұлулық салондары ашыла ма: Алматы әкімдігі пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімдігі 4 мамырдан бастап кейбір кәсіпорындардың жұмыс істейтіні туралы мессенджерде тараған хабарламаға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жарияланған хабарламада 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қазақстанның тоғыз облысында бірнеше кәсіпорынның, соның ішінде сұлулық салондарының, тұрмыстық техника дүкендерінің, оптикалардың, фотосалондардың, гүл сататын сауда орындарының ашылатыны көрсетілген.

Одан бөлек, жазбада аталған кәсіпорындардың қалай жұмыс істейтіні де айтылды.

Алайда Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, хабарламаның шындыққа жанаспайтынын жеткізген. Ведомство қала тұрғындарын тек ресми мәліметке ғана сенуғе шақырды.

Желіде тараған хабарлама

Желіде тараған хабарлама

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Одан бөлек, ел президенті 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстері ашылатынын хабарлады.

Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет бағасын сатып алу күні мен уақытына байланысты 7-ден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
4 мамырдан бастап сұлулық салондары ашыла ма: Алматы әкімдігі пікір білдірді