Выйти
RU

"Не үшін ұялуым керек?": Ердос Қанаевтың жазбасы көпшілікті тәнті етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев халықтың ыстық ықыласына ие болды. Желі қолданушылары эстрада жұлдызының асқан қарапайымдылығына таңғалған. Олар өнер иесі қаншалықты танымал болса да, өзін әркез ел қатарлы ұстайтынын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erdoskanaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/erdoskanaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ердос Қанаев та ел арасында оны қарапайымдылығы үшін құрметтейтінінен хабардар болып шықты. Әнші бұл жайтқа қатысты Instagram желісінде жазба жариялап, сырын ақтарған.

Ол өзге әріптестеріне қарағанда жұлдызға сай емес суреттерін салуға еш арланбайтынын алға тартты.

"Кей кезде “Сіз қарапайым екенсіз”, “Осындай болу керек”,- деген сияқты пікірлер оқып қаламын. Бұл біріншіден, Алла құдай жаратқаннан табиғатым сондай. Мақтау Аллаға ғана лайық.
Екіншіден өз басым мұндай фото салуға түк те арланбаймын. Айтыңыздаршы не үшін ұялуым керек? Туыла салып, микрофон ұстап, күнде самолетпен ұшып жүрген адам сияқты болмай-ақ қояйықшы" , - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі ауылда өткізген балалық шағын есіне алып, сол кезде атқарған жұмысы туралы айтып берді.

"Енді не үшін ұялмайтынымды жазайын. Кішкентай кезімнен ес білгеннен бастап, мектеп бітірген кез былай тұрсын, универде оқып жүрген күннің өзінде бау-бақша шауып өстік. Таң атпай кетесің алқапқа, содан түн болғанда бір-ақ қайтасың. Ол алқаптың жұмысына ерте көктемде кіресің, қар жауғанда бір-ақ бітеді. Оның машахатын сол алқаптың отынымен кіріп, күлімен шығатындар ғана түсінеді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Одан бөлек мал бар, қой кезек бар. Ауылдың қойын бес-алты шақырымға алдыңа салып алып кетесің. Қойларға ән айтып қоясың арасында.

Қысқа малдың шөбін орасың, оны жинайсың. Сабан келеді сусылдап. Оны палаткамен жинайсың. Тезек істейсің. Ол тезек қыста отын. Анашыма нан жапқанға отын. Одан ешекке арбаны тиеп алып, тоғайға кетесің. Оны шабасың, жинайсың. Үйге келген соң, оны аралайсың. Оны сарайға жинайсың. Одан кейін үйге су тасу керек күніге.

Кеңес үкіметі кеткен соң, су деген арман болды ғой. Кімнің үйінде құдық бар. Сол үйден су таситынбыз. Одан қала берді есігіңнің алдындағы бақшаң бар.

Мен бұған арланбаймын. Әлхамдулиллә. Қайта қуанамын. Осылай еңбектеніп өстік. Қиналдық. Есесіне сол қара еңбек пен жеген дүниеңнің дәмі бөлек болатын. Ешкімге қол жаймадық. Әкеміздің киімін, ағамыз киді. Одан біз кидік, менен кейін ініміз киді.

Сонда киім ысырап деген жоқ қой. Сол кездегі киімдерді арнайы бірнеше ұрпаққа арнап шығара ма қайдам, әйтеуір әкеміздің киімі өмірі тозбаушы еді. Қалада велосипедті қыдыру үшін мінсе, біз поляға бару үшін мінетінбіз.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сол себепті мен үшін ұшақта фотоға түсу мәртебе емес. Мен үшін қарапайымдылық басты мәртебе" , - деп жазды әнші.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Не үшін ұялуым керек?": Ердос Қанаевтың жазбасы көпшілікті тәнті етті