Выйти
RU

Алматылықтар саяжайға барғанда, аулаға шыққанда қандай ережелерді сақтауы тиіс

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бас мемлекеттік санитар Алматыда дәрігердің қаулысы бойынша карантин кезінде ойын алаңдарына, бау-бақшаға бару шарттарын бекітті еп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Құжатқа сәйкес, халыққа ойын алаңдары мен аулаға сағат 5:00-ден 21:00-ге дейін шығуға рұқсат етілген.

Барлық қолжетімді жерлерде, ең алдымен хабарландыру тақталарында карантин тәртібін сақтау шеңберінде талап етілетін жеке және заңды тұлғаларға арналған ескертулер орнатылатыны белгілі болды.

Басылым мәліметінше, оңтүстік астана тұрғындары ойын алаңы мен аулаға шығып, бау-бақша мен саяжайға барған уақытта екі метрден кем емес қашықтықты сақтауы қажет.

Сонымен қатар, отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам адамның жиналуына тыйым салынып, басқа тұрғындармен физикалық қатынасты азайтуға, өзімен бірге жеке қорғану құралдарын алып жүруге және кию ережелерін сақтауға міндеттеледі.

Бұл талаптардың орындалуын құқық қорғау органдарының қызметкерлері бақылайды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылықтар саяжайға барғанда, аулаға шыққанда қандай ережелерді сақтауы тиіс