RU

Нұр-Сұлтанда 600 мың маска таратылды: Елордада аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жалғасуда

Еріктілер Елбасының бастамасымен «Біз біргемі» республикалық акциясы аясында бірнеше апта бойы игі істер атқаруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда мұқтаждарға 600 мың маска таратылды: елордада аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жалғасуда
Фото : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы: Facebook

Елордада 4 күн ішінде 600 мыңнан астам маска таратылды. Сонымен қатар бүгінде 9 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетімен қамтылған.

«Нұр-Сұлтан қаласында «Біз біргеміз» акциясына 500-ге жуық волонтер тартылды. Бүгін 300 отбасына арналған 300 азық-түлік себеті таратылды және акция енді ғана қарқын алуда», – дейді JAS OTAN жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.
Нұр-Сұлтанда мұқтаждарға 600 мың маска таратылды: елордада аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жалғасуда
Фото : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы: Facebook

«Бір айдан бері еріктілермен жұмыс істеудеміз. Бұл игі іс. Себебі біз көптеген адамдарға көмектесе аламыз. Адамдар қатты қуанады, хабарласады, алғыс айтады», – дейді ерікті Аяулым Әлсеитова.

Нұр-Сұлтанда мұқтаждарға 600 мың маска таратылды: елордада аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жалғасуда
Фото : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы: Facebook

Азық-түлік пакеттерін сұрыптауға және орауға күн сайын 10 сағатқа дейін уақыт кетеді, деп түсіндірді жасотандықтар. Мұқтаждар тізімін аудандық әкімдіктер жасайды. Бірақ олардың барлығы әлеуметтік жағынан осал топтар емес. Уақытша жұмысынан айрылғандарға да көмек көрсетіледі.

«Сондай-ақ бүгінгі күні қиын жағдайға тап болған адамдар бар. Олардың күнделікті табысы болған. Бірі көлік жөндеуде жұмыс істеген, біреулері кафеде, мейрамханаларда даяшы болған.Осындай да отбасылар бар. Біз барлығына көмектесуге тырысамыз», – дейді А.Бейсенбаев.

Елбасының тапсырмасымен «Біргеміз!» акциясы аясында 2 млн маска бөлініп, ол 40 мың аз қамтылған отбасыларына таратылады. Сондай-ақ, «Біргеміз!» республикалық еріктілер фронт-офисі ұйымдастырған акция аясында елордалық жастар саясаты басқармасымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды.

Ал 40 мың аз қамтылған отбасы медициналық маскалар жиынтығын алады. Тағы 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін таратылды. Қала әкімдігі «СК Фармация» компаниясымен бірлесіп, жүйелі түрде бетперде және басқа да қорғаныс құралдарын жеткізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1853605-nr-sltanda-600-my-maska-taratyldy-elordada-az-kamtylgan-otbasylarga-kmek-krsetu-zalgasuda.html