Выйти
RU

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Семей, Өскеменге рейстер қайта ұша бастайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов еліміздің бас қаласы мен оңтүстік астана және Семей мен Өскемен арасындағы рейстердің қайта ұша бастайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Семей мен Өскеменге рейстер қайта жандануда

Көрнекі фото: pixabay.com

Тиісті хабарлама аймақ басшысының Instagram парақшасында пайда болды. Ахметов мемлекеттік комиссияның басшысына жеке өзі хабарласып, екі маңызды қаланың және облыстың екі ірі қаласы - Семей мен Өскемен арасындағы рейстерді қалпына келтіруді сұрағанын жазады.

Бұл қалалар арасындағы ұшақтар келесі айдың басынан бастап ұша бастайды деп хабарланған. Күн сайын Өскеменнен Алматы мен Нұр-Сұлтанға екі рейс, сондай-ақ қарсы бағытта екі рейс орындалады.

"Күн сайын "Нұр-Сұлтан - Семей", "Алматы - Семей" бағыттарында бір рейс жасалады", - деп қосты әкім.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елде төтенше жағдайдың 11 мамырға созылғанына қарамастан Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы рейстердің 1 мамырда ашылатыны хабарланған еді.

Кейін көліктегі бас санитар дәрігер ұшу кезінде және әуежайда коронавирусты жұқтыру қаупін болдырмас үшін әуекомпаниялар мен жолаушылар ұстанатын ережелер туралы жарлыққа қол қойды.

Енді барлық жолаушылардың қолында КВИ жоқ екендігі туралы анықтама болуы тиіс, ал әуежайда, ұшып аймағында және әуекемесінің салонында тек қорғаныш маскалар мен қолғаптармен отыруға болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Семей, Өскеменге рейстер қайта ұша бастайды