Выйти
RU

Науқастар саны 5300-ге жетеді: Бас санитар вирусқа қатысты болжам жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда мамыр айының соңында коронавирус жұқтырған науқастар саны 5300-ге жетуі мүмкін. Бұл болжамды Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ұсынып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Науқастар саны 5300-ге жетеді: Бас санитар дәрігер күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: Хабар 24

"Сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркелуі мүмкін. Ал мамыр айының соңына дейін 5300 науқас анықталуы ықтимал. Жағдайлардың көбі шет мемлекеттерден келгендер арасында анықталып жатыр. Соңғы екі аптада осындай 200 дерек тіркелген. Біз болжамымызды ішкі қауіп негізінде реттегенбіз, бірақ бұл цифрлар сыртқы қауіптің де бар екенін көрсетеді",- деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3078-ке жетті.

Жер бетінде коронавирустың таралуын бақылайтын Джонс Хопкинс университетінің дерегіне сәйкес, COVID-19 жұқтырған америкалықтардың жалпы саны қазірдің өзінде 1 миллионнан асып түскен.

АҚШ әлемде ауру жұқтырған азаматтарының саны жағынан бірінші орында тұр. Содан кейін көшбасшылар тізімінде Испания орналасқан. Бұл елде АҚШ-қа қарағанда вирус жұқтырғандар саны 4 есе аз.

Ал әлем бойынша 3,11 миллион адам коронавирус жұқтырған. Сонымен қатар АҚШ COVID-19 инфекциясын жұқтырып, көз жұмғандар саны бойынша да бірінші орында. Айта кету керек, бір Нью-Йорктің өзінде өлім-жітім жағдайы Германия мен Бельгияға қарағанда көбірек анықталған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Бұл еуропалық мемлекеттер де коронавирус ауруынан қайтыс болғандардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Қазіргі кезге дейін Америка Құрама Штаттарында 115 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп шыққан. Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ дүниежүзінде 3-орында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Науқастар саны 5300-ге жетеді: Бас санитар вирусқа қатысты болжам жасады