Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір суреттің көмегімен танылған кофе сатушы жігіт қалай өмір сүріп жатыр

Опубликовано:

2016 жылы Аршад Хан есімді жігіт Пәкістанда шай сатушы болып жұмыс істеген. Алайда бір күні ол кездейсоқ фотографтың камерасына түсіп, үлкен танымалдыққа ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бір суреттің көмегімен танылған кофе сатушы бүгін қалай өмір сүруде
Фото: instagram.com/chaiwala.officiall: UGC

Аршадтың отбасы Исламабадта 30 жылға жуық шай сатып келген. Алайда олардың ұлдары бұл кәсіппен ұзақ айналысқан жоқ.

Аршад ата-анасының ізін жалғап, шай сатумен айналысқаннан кейін жарты жыл өткен соң фотограф Хаверия Әлидің обьективіне түсіп қалады.

Бұл кадр Twitter желісінде пайда болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң Аршад кең танымалдыққа ие болған.

Ірі компаниялар өз өнімдерін Аршадтың жарнамалағанын қалайды.

Содан кейін 17 жастағы Аршад бұл сәтті жіберіп алмау керектігін тез түсініп, көп ұзамай оның суреттері пәкістандық киім брендінің жарнамасында пайда болды.

"Мен сырт келбетімнің ерекше екенін білмедім. Менің ұлтым өзіндік әдемі деп ойлаймын. Сол себепті өзімді ерекше деп сезінбедім. Менің бауырым да менен сымбатты екенін үнемі айтып отырады", - дейді жігіт.

Аршад тіпті, танымал пәкістандық әнші Мускана Джейдің бейнебаянына түсіп үлгерген. Алайда видеоны жігіттің ата-анасы аса ұнатпапты.

Жұлдызды өмір жас жігітке ауыр соққан көрінеді. Сол үшін ол танымалдылықтан біраз уақыт алыс болуға шешім қабылдайды.

Ал 18 жасында Аршат шоу-бизнеске қайта оралды.

Ол бірден модель болып жұмыс істей бастаған, ал біраз уақыттан кейін өзінің "Чайвала және достары" атты интернет сериалын шығарды.

Ал 2019 жылдың қыркүйегінде жігіт теледидарлық шоуға барып, актерлық және модельдік мансабына қарамасттан шай бизнесіне оралуға шешім қабылдағанын және өзінің жеке кафесін ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады деп жазады Oddity Central.

Естеріңізге сала кетейік, кофенің бетіне ғажайып сурет салатын кореялық бариста жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853635-bir-suretti-kmegimen-tanylgan-kofe-satusy-zigit-bgin-kalaj-mir-srip-zatyr/

pixel