Выйти
RU

Қазақстанда қауіпті дерттен жазылғандар саны 800-ге жуықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 798-ге жетті. 29 сәуір сағат 17: 00-дегі дерекке сәйкес, елімізде қауіпті дерттен тағы 24 адам емделіп шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 800- ге жуықтады

Көрнекі фото: pixabay.com

Елдегі коронавирус инфекциясының таралуына қатысты қалыптасқан жағдайды бақылайтын сoronavirus2020.kz сайты жаңа деректер ұсынды.

"24 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласында 4, Шымкент қаласында 2, Қарағанды облысында 11, Қызылорда облысында 3, Ақмола облысында 3, Маңғыстау облысында 1 науқас",- делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 798:

Нұр-Сұлтан қаласы – 225

Алматы қаласы – 102

Шымкент қаласы – 31

Ақмола облысы – 63

Ақтөбе облысы – 10

Алматы облысы – 10

Атырау облысы – 60

Шығыс Қазақстан облысы – 6

Жамбыл облысы – 43

Батыс Қазақстан облысы – 9

Қарағанды облысы – 57

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 114

Маңғыстау облысы – 8

Павлодар облысы – 3

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 29.

Айта кетейік, Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі ахуалға қатысты болжам ұсынды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркелуі мүмкін. Ал мамыр айының соңына дейін 5300 науқас анықталуы ықтимал. Жағдайлардың көбі шет мемлекеттерден келгендер арасында анықталып жатыр. Соңғы екі аптада осындай 200 дерек тіркелген. Біз болжамымызды ішкі қауіп негізінде реттегенбіз, бірақ бұл цифрлар сыртқы қауіптің де бар екенін көрсетеді",- деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда қауіпті дерттен жазылғандар саны 800-ге жуықтады