Выйти
RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3100- ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 27 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 3105-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3100- ден асты

Көрнекі фото: NUR.KZ

29 сәуір сағат 17:35-тегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырған тағы 27 науқас тіркелген. Оның ішінде Маңғыстау облысында 1, Нұр-Сұлтан қаласында 4, Қарағанды облысында 3, Шымкент қаласында 5, Алматы облысында 8, Жамбыл облысында 3, Батыс Қазақстан облысында 3 науқас анықталды.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 616 адам, Алматы қаласында – 927, Шымкент қаласында – 189, Ақмола облысында – 98, Ақтөбе облысында – 65, Алматы облысында – 122, Атырау облысында – 131, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 116, Батыс Қазақстан облысында – 130, Қарағанды облысында – 142, Қостанай облысында – 45, Қызылорда облысында – 187, Маңғыстау облысында – 45, Павлодар облысында – 122, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 124, жалпы 3105 науқас тіркелді.

Айта кетейік, бас санитар дәрігер елдегі ахуалға қатысты болжам ұсынды.

"Сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркелуі мүмкін. Ал мамыр айының аяғына дейін 5300 науқас анықталуы ықтимал. Жағдайлардың көбі шет мемлекеттерден келгендер арасында анықталып жатыр. Соңғы екі аптада осындай 200 дерек тіркелген. Біз болжамымызды ішкі қауіп негізінде реттегенбіз, бірақ бұл цифрлар сыртқы қауіптің де бар екенін көрсетеді",- деді Есмағамбетова.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3100- ден асты