Выйти
RU

Қордайдағы қақтығыс: Күдікті тергеу изоляторында қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 29 сәуір күні таңғы сағат 08:00-де Алматыдағы тергеу изоляторында тергеуге қамалған Қибаев Бекбол Мұхамедұлы қайтыс болды. Камераластары оны санитарлық тораптан сол қолдың білек жарақатымен тауып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордайдағы қақтығыс: Күдікті тергеу изоляторында қайтыс болды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Изолятордың медқызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, азаматты аман алып қалу мүмкін болмаған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы ауыр қан жоғалту салдарынан болған өлімді тіркеген.

Қибаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторына қамалған еді. Оның өліміне қатысты Алматы арнайы прокурорлары сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мұқият зерттеліп, қоғамға жеткізіліп отырады.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 адам мерт болды.

Аудандағы тәртіпсіздіктен кейін 185 адамға медициналық көмек қажет болған, оның ішінде 34-і ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдай салдарынан 20 коммерциялық нысан, 39 тұрғын үй мен 47 автокөлік жанып кетті.

Өңір басшысының баспасөз қызметінде хабарланғандай, 7 ақпаннан 13 ақпанға дейін бір аптаның ішінде Қырғызстанға 23 131 адам кетіп қалған. Ал оралғандар саны екі мың адамға аз.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Тәртіпсіздіктің салдарын жою үшін 250 адам мен 53 техника бірлігі тартылды, 680 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайдағы қақтығыс: Күдікті тергеу изоляторында қайтыс болды