Выйти
RU

Елімізде 4 мамырдан бастап стоматологиялар мен шаштараздар жұмыс істейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік комиcсия биыл 4 наурыздан бастап жұмысқа кірісетін қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ премьер-министр сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елде 4 мамырдан бастап стоматологиялар мен шаштараздар жұмыс істейді

Фото: NUR.KZ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, карантин жағдайында өңірлердегі шектеу шараларын одан әрі жеңілдету жөніндегі ұсыныстар туралы премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов баяндады. 

Мемлекеттік комиссия өңірлердің әкімдерінің ұсыныстарын қарап, Денсаулық сақтау министрлігінің позициясын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады.

1. Биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: 

  • аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);
  • фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
  • шаштараздар (жазылу бойынша);
  • медицина орталықтары (жазылу бойынша);
  • стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
  • жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
  • шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

2. Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. 

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

3. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады. 

Өңірлердің әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдап, жұмысқа кірісетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде 4 мамырдан бастап стоматологиялар мен шаштараздар жұмыс істейді