Выйти
RU

Коронавирус: Қазақстандықтар қашан анықтамасыз ұшаққа отыра алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар COVID-19 инфекциясы жоқ екенін растайтын анықтамасыз қашан ұшаққа отыра алады? Бұл сұраққа көліктегі бас санитар дәрігер жауап берді. Әуе жолаушыларының денсаулыққа әрдайым бақылауда болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар қашан анықтамасыз ұшаққа отыра алады

Көрнекі фото: segodnya.ua

Нұр-Сұлтан-Алматы әуе рейстері іске қосылған соң Қазақстанда әуе жолаушыларының денсаулығы бақылауда болады. Олар ұшу уақытында сауалнама толтырып, вирустық белгілер байқалған жағдайда медицина қызметкерлерімен байланысады.

Жағдайды бағалауға 5-7 күннен кейін ғана мүмкіндік тумақ. Егер ұшаққа отырған қазақстандықтар ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар болмаса, елде басқа қалаларға, кейінірек шет елдерге әуе рейстері ашылады.

Сәдуақас Байғабұловтың сөзінше, қауіпті инфекция жұқтыру дерегі анықталмаса, ұшу тәртіптері де өзгеруі ықтимал. Алайда, COVID-19 инфекциясына анықтама карантин біткен соң да талап етіледі. Барлығы мониторинг арқылы шешіледі. Қазақстанда COVID-19 инфекциясына тест тапсыру бағасы мемлекеттік орталықтарға 11 500 теңгеден басталып, жекеменшік зертханаларда 20 мың теңгеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, мемлекеттік комиcсия биыл 4 наурыздан бастап жұмысқа кірісетін қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Қазақстандықтар қашан анықтамасыз ұшаққа отыра алады