Выйти
RU

Қайырымдылық керуені: Арыста 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Шымкент ЖТ бөлімшесінің ұжымы да табыссыз қалған күнкөрісі төмен жандарға көмек көрсетуде. «2020 қайырымды іс» бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерікті жастарының «Ізгілік жасап жарысайық!» атты қайырымдылық қорымен бірлесе «Қайырымдылық керуені» ұйымдастырды.

Қайырымдылық керуені: Арыста 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

Фото: АО "НК "ҚТЖ"

Қайырымдылық керуенінің мақсаты – шалғай станциялардағы табысы төмен теміржолшылар отбасын қолдау. Аталған керуен 1 мамыр күні Шымкент қаласынан Арыс-2 станциясына барады.

Қайырымдылыққа деп тиелген азық-түліктің барлығы да отандық өнімдер екендігін айта кеткен ләзім. Бұл ретте 23 000 теңгелік азық-түлік себеті 70 келіні құрайды. Оның құрамында: ұн – 25 кг, қант – 5 кг, күнбағыс майы – 5 л, күріш – 5 кг, макарон – 5 кг, шай – 250 гр, картоп – 10 кг, сәбіз – 5 кг, пияз – 5 кг.

Қайырымдылық керуені: Арыста 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

Фото: АО "НК "ҚТЖ"

"Әзірге «Ізгілік жасап жарысайық!» қайырымдылық қорымен бірлесіп, мыңға тарта отбасыны қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Әзірге 500 отбасыны қамтығалы отырмыз. Одан бөлек, кәсіпкерлер екі КамАЗ капуста, 5000 дана маска берді.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Біз тек азық-түлік үлестіріп ғана қоймай, қосымша маскалар мен антисептик беруді де ұйғардық. Осы қайырымдылық шарасына қолдау көрсетіп, теміржолдың белсенді жастарымен бірге азық-түліктің жиналуына Ғазизхан Шекербек, Әділет Жауғашар сынды әншілер, сондай-ақ бірнеше танымал блогерлер де келіп атсалысты.

Қайырымдылық керуені: Арыста 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

Фото: АО "НК "ҚТЖ"

Алдағы уақытта мың отбасын ғана қамтып қоймай, олардың санын арттырып, қайырымдылық шарасын көбейтуді жалғастыра түсеміз", - деді Шымкент теміржолы бөлімшесінің жастар ісі жөніндегі кеңестің аймақтық өкілі Ердос Әлішер.
Қайырымдылық керуені: Арыста 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

Фото: АО "НК "ҚТЖ"

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды көмек артылған «Қайырымдылық керуені» жылжымалы құрамын тасымалдауды Шымкент ЖТ бөлімшесінің директоры Ермекбай Ерманов пен оның бірінші орынбасары Абзал Салықбаев жеке қаражатымен қамтамасыз етеді.

Қайырымдылық керуені: Арыста 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

Фото: АО "НК "ҚТЖ"

Қазіргі таңда 300 азық-түлік салынған себет дайын тұр. Бірінші мамырға дейін волонтерлер оның санын 2000-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Азық-түліктерді ҚТЖ ерікті жастары тарататын болады

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қайырымдылық керуені: Арыста 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі