Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда қазақстандық ару қайтыс болды: Қайғылы жағдай туралы тың деректер шықты

Опубликовано:

Түркияда қазақстан азаматшасы құздан құлап қаза тапты. 31 жастағы Олеся Суспицина құрбысымен бірге саябаққа серуендеуге шыққан. Әйел сонда сарқыраманың жанында тұрып селфи жасамақ болған көрінед. Алайда құздың ұшар басында оның аяғы тайып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Телеарна мәліметінше, қайғылы жағдай Анталияда орын алған.

Отандасымыздың денесін жергілікті тәртіп сақшылары судан төрт сағат бойы іздеп әзер тапқаны белгілі болды. Сарқыраманың екпіні қатты болғаны сонша, қазақстандық аруды бірден табуға мүмкіндік бермеген.

Мамандар құздан құлаған марқұмның денесінің сау-тамтығы қалмағанын айтты. Олардың сөзінше, арудың қабырғасы мен аяқ-қолы түгел сынған.

Марқұм – 31 жастағы Олеся Суспицина. Ол Қостанай қаласының тумасы. Түркияда жергілікті туристік компаниялардың бірінде гид боп істеген.

Сол күні ол әріптесі екеуі Анталиядағы танымал Лара саябағында серуендеп жүрген көрінеді. Әйел сондағы сарқыраманың жанында тұрып суретке түспек болғанда аяғы тайып кеткен.

Отандасымыздың құрбысы Ольга Кравчук Олеся Суспицина туралы айтып берді.

"Не айтарымды білмеймін. Олеся екеуіміз 15 жасымыздан жұбымыз жазылмас жан құрбы едік. Күнде сөйлесіп, видеоқоңыраумен көрісіп жүрдік. Апалы-сіңілідей болып кетіп едік. Бұл жағдайға әлі сенбей тұрмын", - деді ол.

Марқұмның құз басына қыздың қалай шыққаны белгісіз. Өйткені биіктігі 45 метр тіп-тік жартастың жан-жағы қоршалған.  Онда "Жақындауға болмайды" деген қатаң ескертпелер де тұр.

Отандасымыздың қасындағы әріптесі Олесяның әдемі селфи үшін тыйым салынған қоршаудан секіріп өткенін білдірген.

Телеарна мәліметінше, марқұмның таныстарын бұл жағдай таң қалдырмаған. Себебі, ару бұған дейін де дәл солай суреттерге түсіп жүрген.     

"Ол суретке әдемі боп түскенді жақсы көретін. Бірақ бұл жолы аяғы тайып кетті", - деді Ольга Кравчук.

Таныстарының айтуынша, Олеся Суспицина жүрек жұтқан қыз болған. Түркияға гид болып кетпес бұрын Қостанайдағы полиция бөлімінде тергеуші боп қызмет атқарған. Одан бөлек, банк күзетінде де жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта қазақстандық арудың денесін елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Алдын-ала мәлімет бойынша, оның мәйіті осы жұма күні Стамбулдан Алматыға жүк ұшағымен жеткізілуі мүмкін.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бүгін Түркияда қазақстандық арудың жардан құлап, қаза тапқанын жазған болатынбыз. Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853711-trkiada-kazakstandyk-aru-kajtys-boldy-kajgyly-zagdaj-turaly-ty-derekter-sykty/

pixel