Выйти
RU

Елімізде карантин кезінде жұмыс істеген тағы бір сауна қызметі әшкере болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавл қаласында полиция қызметкерлері карантин кезінде жұмыс істеген саунаны анықтады деп жазады хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық полиция мәліметінше, заңсыз жұмыс істеген саунаны тәртіп сақшылары рейд барысында анықтаған.

Қаладағы екі кәсіпкер жексенбілік кешті саунада өткізбекші болады. Телефон арқылы Петропавлдағы "жуыну орталығының" бірінің иесімен келіскен. Ол да табыс таппақ болыпты.

Олардың заңсыз әрекетін рейдте жүрген полицейлер тоқтатқан.

Белгілі болғандай, 1981 және 1985 жылы туған екі тұрғын мен 43 жастағы сауна иесі де төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаға тартылды.

Әкімшілік соттың шешімімен оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

"Қауіпті дерттің таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынған шаралардың маңызын барлығы бірдей түсіне бермейді. Бұндай рейдтік тексерістер жазалау мақсатын емес, азаматтардың тиісті деңгейде оқшаулануын қамтамасыз етуді көздейді. Карантин талаптарын қатаң сақтау - халық денсаулығын сақтауда міндетті шарт", - деді Петропавл қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Еске сала кетсек, карантин кезінде жұмыс жасаған сауна Алматы қаласында да анықталған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде карантин кезінде жұмыс істеген тағы бір сауна қызметі әшкере болды