Выйти
RU

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 3,1 миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқастар саны күн санап артып келеді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 3,1 миллионнан асып түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 3,1 миллионға жетті

Көрнекі фото: NUR.KZ

Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 189 017 адамға жеткен. Жалпы науқастардың 1 037 970-і АҚШ-та тіркеліп отыр. Америкада жаңа вирустан 60 853 науқас көз жұмған.

Антирейтингтің келесі орнына Испания мемлекеті жайғасты. Еуропаның бұл елінде КВИ жұқтырған 236 899 адам анықталып, қауіпті инфекциядан қайтыс болғандар саны 24 275-ке жетті.

Ал Италия 203 591 науқаспен үшінші орында тұр. Елде қатерлі дерттен ажал құшқандар саны 27 682.

Франция аумағында да науқастар саны өсуін тоқтатар емес. Қазіргі уақытта елде коронавирусты 166 541 адам жұқтырған, ал қайғылы жағдайлар саны 24 121.

КВИ жұқтырған науқастар бойынша бесінші орынға Ұлыбритания табан тіреді. Елде коронавирус жұқтырғандар саны 166 441, қатерлі инфекция 26 166 адамның өмірін алып кетті.

Аталған көрсеткіштер сағат санап өсіп жатыр.

Ал Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 3100-ден асып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 3,1 миллионнан асты