Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қонақ шақырып, ауызашар берген екі азамат қамауға алынды

Опубликовано:

Шымкентте өз үйлерінде ауызашар берген екі азамат қамауға алынды. Екі құқық бұзушы да төтенше жағдай режимі кезінде енгізілген шектеулерге қарамастан үйлеріне 3 адамнан артық адамды жинап, дастархан жайған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте қонақ шақырып, ауызашар берген екі азамат қамауға алынды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Төтенше жағдай режимін бұзған Г. мен А.-ға қатысты әкімшілік іс сотта қаралды. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткен сот процесі  «Skype» мобильді байланыс жүйесін қолдану арқылы жүргізілді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Г. мен А. 3 күнге қамауға алынатын болды.

"Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, Шымкент қаласының аумағында жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, т.б) 3 адамнан артық жиындарға тыйым салынсын делінген.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, сот қаулыларымен Г. және А. тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  476-бабы 6-тармағымен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға осы баппен 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу туралы әкімшілік жаза тағайындалды", - деп мәлімдеді Шымкент қалалықсотының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, сот қаулылары заңды күшіне енбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853736-symkentte-konak-sakyryp-auyzasar-bergen-eki-azamat-kamauga-alyndy/

pixel