Выйти
RU

Көбісі мәскеуліктер: Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеудегі коронавирус инфекциясын бақылау штабы КВИ-ден қаза тапқандар туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресейде коронавирустан қаза тапқандардың саны 1 мыңнан асты

Көрнекі фото: pixabay.com

Штабтың Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Ресей Федерациясында COVID-19-дан көз жұмғандардың жалпы саны 1 мыңнан асты.

Бұл Мәскеуде 65 жаңа өлім тіркелгеннен кейін жарияланды. Қазіргі уақытта Ресейде коронавирус инфекциясынан 1037 адам қайтыс болды.

Атап өту керек, көз жұмғандардың басым бөлігі - мәскеуліктер. Ресей астанасында бүгінгі таңға дейін COVID-19-дан 611 адам қаза тапқан.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы коронавирус жұқтырған азаматтар саны бойынша әлемде 8-ші орында.

Осы аптада ел 2 сатыға көтеріліп, алдымен Қытайдан, сәл кейінірек Ираннан озды. Ресейде инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 100 мыңға жуықтады, ал 10 мыңнан астамы аурудан айықты.

Еске сала кетейік, қазірдің өзінде бүкіл әлемде 3,1 миллионнан астам адам коронавиурс жұқтырған. Пациенттердің көпшілігі АҚШ-та тіркелді.

Онда вирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асып кетті. 60 мыңнан астам америкалықтар аурудың құрбаны болды.

Ал Италия 203 591 науқаспен үшінші орында тұр. Елде қатерлі дерттен ажал құшқандар саны 27 682.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көбісі мәскеуліктер: Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны мыңнан асты