Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірін тоқ соғып, екіншісі суға кеткен: Түркістан облысында екі бала көз жұмды

Опубликовано:

Түркістан облысында кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды. Соңғы екі күнде Мақтаарал ауданында екі жазатайым оқиға болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқ соқты, суға батты: Түркістан облысында екі бала көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, бірінші жағдайда 8 жасар бала Мырзакент ауылында каналға құлаған. Куәгерлер оны судан алып шығыпы.

Алайда белгілі болғандай, ол сәтте бала тыныс алмай жатқан.

Екінші жағдайда 2 жасар бала Достық ауылында үйде жүрген кезде токқа қолын салып, мерт болды.

Мамандар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, оларды үнемі назарда ұстауға және электр токтары мен тұрмыстық құрылғыларға ересектердің бақылауынсыз жібермеуге шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының ортасында Нұр-Сұлтанда екі баланың терезеден құлап кеткені белгілі болды. Олардың бірі ажал құшты. Кейінірек Қарағандыда 8 жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап, ғажайыптың күшімен тірі қалды.

Қуанышқа орай, үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннің шатыры соққыны жеңілдеткендіктен, бала аман қалды. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3205-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1853779-birin-tok-sogyp-ekinsisi-suga-ketken-trkistan-oblysynda-eki-bala-kz-zmdy/

pixel