Выйти
RU

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин режимі өзіне қалай әсер еткенін айтты. Төрт қабырғаға қамалған әнші шектеу шаралары салдарынан күйзеліске түскенін мойындады. Әрдайым гастрольдік сапарларда жарқырап жүретін өнер иесі үй шаруасының күйбең тіршілігіне үйренісе алмай жатқан көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мадина Сәдуақасова шығармашылығы тоқтап, күнделікті үй шаруасымен айналысамын деп күйзеліске ұшыраған. Ол карантин уақытында түңіліп жүргенін жасырмай айтты.

"Мен шынымды айтайын түңіліп, бір ай бойы кәдімгідей депрессия болдым. Оның үстіне үйдің тірлігі. Осы бір апта болып қалды. Өз-өзіме келдім. Мына жайттың барлығы реттеледі екен.

Адамның барлығы толқынын ұстап алады екен. Үй иесі толқынын ұстап алсаң, бітті таңертең тұрасың да таңғы асыңды дайындайсың. Одан кейін «шық» деп, жолдасыңа киімін үтіктеп бересің де, оны шығарып саласың. Адам деген үйренеді. Мен де сол ритмге үйрендім.

Қазір тым аса пысық боп кеткен сияқтымын. Әйел адам болғандықтан міндетті түрде қамыр жая білуің керек. Қазір өте жақсы, дұрысталды. Домалаққа келе жатыр жайлап. Және де көптеген басқа да тағамдарды жасап жатырмын. Үй жинаймын. Міне, қолдарымды қарасаңызшы, менің баяғы қолым жоқ" , - деді өнер иесі.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың краантиндегі фотосы тарап, ел арасында қызу талқыға түскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған