Выйти
RU

Алматы облысында пикникке шыққан 15 адамға айыппұл салынды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында пикник ұйымдастырған 15 адам жауапқа тартылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде рейдтердің қалай жүргізілетіні туралы айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында ТЖ кезінде пикникке шыққан 15 адамға айыппұл салынды (фото)

Фото: Алматы облысы ТЖД

Ведомство баспасөз қызметі азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай кезінде, тіпті, демалу мақсатында пикникке шығуға тыйым салынатындығын ескертті.

Жуырда ТЖД және жергілікті полиция қызметкерлері Қаратал өзені бойында рейд жүргізді. Нәтижесінде тәртіпбұзушылар анықталды. Олар - төрт адамнан тұратын отбасы, арасында кәмелетке толмаған екі бала бар.

Жергілікті полиция қызметкерлері азаматтардың мәліметтеріне қатысты әкімшілік хаттама жасады.

Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап барлығы 15 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Ведомствода, сондай-ақ, жылы ауа райы өрттің пайда болу қаупін арттыратынын айтты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұндай жағдайдың алдын алуға бағытталған шараларды да ұмытпайды.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басында орманды қорғау аймақтарында 15 өрт және 400-ден астам қураған ағаш өртенген.

Атап өтілгендей, көптеген өрт қоқысты жағу, жанып тұрған отты қалдыру және т.б секілді азаматтардың немқұрайлы іс-әрекеттерінен туындайды.

Ведомство орманда ұшқын пайда бола салысымен бұл туралы дереу хабарлау керек екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Естеріңізге сала кетейік, балконда кәуап пісірген павлодарлық азаматтың ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында пикникке шыққан 15 адамға айыппұл салынды (фото)