Выйти
RU

Жақында ғана коронавирустан жазылып шыққан Британия премьері ұлды болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен қалыңдығы Кэрри Саймондстың отбасында ұл бала дүниеге келді деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жақында ғана коронавирустан жазылып шыққан Британия премьері ұлды болды

Борис Джонсон. Фото: Adrian Dennis - WPA Pool/Getty Images

Қуанышты жаңалық туралы премьер канцеляриясының өкілі хабарлаған.

"Таңертеңгі уақытта Лондон ауруханаларының бірінде ұл бала дүниеге келді. Денсаулығы жақсы. Анасы мен баласы өздерін жақсы сезінеді", – деді өкіл.

Айта кетейік, Джонсон мен Саймондс бала күтіп жүргендерін ақпан айының соңында мәлімдеген еді. Сол кезде олар үйленетіндері туралы да хабарлаған болатын.

"Премьер-министр мен Симондс ханым ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ауруханасындағы перзентхана бөлімінің білікті мамандарына өз алғыстарын білдіреді", – деп толықтырды канцелярия өкілі.

Британия премьерін ұлды болуымен елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок құттықтады.

"Борис пен Кэрри қуанышына ортақпын. Ғажап әрі қуанышты сәт!", – деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.

31 жастағы Саймондс алғаш рет ана атанды. Ал 54 жастағы Джонсонның заңгер Марина Уилерден 4 баласы бар, өнертанушы Хелен Макинтайрдан некесіз туған бір қызы және кейбір деректерге сүйенсек, премьердің тағы бір некесіз баласы бар көрінеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Джонсон өзінің нақты неше баласы бары жайлы журналистердің қойған сұрағына жауап беруден үнемі қашқақтайды.

Еске сала кетейік, Борис Джонсон таяуда коронавирустан айығып, ауруханадан шыққан еді. Ол 27 сәуір күні жұмысына оралған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жақында ғана коронавирустан жазылып шыққан Британия премьері ұлды болды