Выйти
RU

Варикоз неден пайда болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Маткеримов варикоз ауруы неден пайда болатынын және оны емдеудің қандай жолдары бар екенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: natalyamanueva.ru

Көрнекі фото: natalyamanueva.ru

Ең алдымен дәрігер варикоздың қандай ауру екенін айтып берді.

"Веналардың варикозды кеңеюі – түйін тәрізді шумақтардың ұзаруы, сондай-ақ қатпарлардың пайда болуы арқылы жүретін патологиялық өзгеріс. Бұл өзгерістің салдарынан қақпақшаларда ақаулар орын алып, қан ағымы бұзылады. Варикоз – қан тамырларының кең таралған ауруы", - дейді маман.

Сонымен қатар Маткеримов варикоздың пайда болу алты себебіне тоқталды.

"Варикоздың пайда болу себептеріне біріншіден вена қақпақшасының ақауы жатады. Адам жасының ұлғаюына байланысты қан тамырларының қабырғалары жұқарып, иілгіштігі жоғалады. Екіншіден венадағы жарақаттар. Көп жағдайда ақаулар жарақаттардың немесе ұйыған қанның, кейде асқынудың әсерінен пайда болады. Үшіншіден генетика. Төртіншіден гормондар. Бесіншіден жүктілік. Алтыншыдан артық салмақ", - дейді ол.

Дәрігердің айтуынша, варикоздың негізгі белгілеріне аяқтың қышуы, ауыруы және ісінуі жатады.

Маткеримовтың сөзінше, варикозды УДЗ диагностика және физикалық қарап-тексеру арқылы анықтауға болады.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Одан бөлек, маман варикозды емдеудің бірнеше түрлерін атап өтті.

"Біріншісі - операциялық емес, яғни компрессиялық шұлықтарды кию. Екіншісі - терапевтикалық ем, яғни венотоникалық дәрілер. Үшіншісі - инвазивтік емес тәсілдер. Оларға лазерлік емдеу, венаішілік лазерлік коагуляция, абляция, радиожиіліктік абляция, флебэктомия және минифлектомия, кроссэктомия, веноэкстракция жатады", - дейді Асқар Маткеримов.

Еске сала кетсек, осыған дейін қант диабетімен ауыратындар коронавирус жұқтырып алмау үшін не істеу керектігін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Варикоз неден пайда болады