Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда 150-ден аса ақ халатты коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ақ халаттылар санын айтты. Басқарма дерегіне сәйкес, елордада олардың саны 150-ден асқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда 150-ден аса дәрігер коронавирус жұқтырған

Фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда бүгінгі күнге дейін 600-ден аса адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Олардың 150-і медицина саласының қызметкерлері екені белгілі болып отыр. Ақ халаттылардың үштен бірі коронавирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істеген.

Сондай-ақ, елордалық жұқпалы аурулар ауруханасында бұрынғы денсаулық сақтау вице-министр Қамалжан Надыров коронавирустан емделіп жатыр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Надыровтың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде екенін айтты.

Бұрынғы вице-министр де хаттама сай емделіп жатыр. Оның емінің басқа науқастардан ешқандай айырмашылығы жоқ екені де айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қамалжан Надыров өзінің денсаулығы туралы айтқан еді. Ауруханаға жатқызылған ол қашықтан жұмыс істемекші болған, себебі өз диагнозын білгенге дейін бір тәулік бұрын Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ретінде жаңа қызметке баруға қамданған екен.

Одан бөлек, Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы ақ халаттылардың жаппай коронавирус жұқтыру дерегі бойынша тергеу ісі әлі де жалғасып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда 150-ден аса ақ халатты коронавирус жұқтырған