Выйти
RU

Алматыдағы блок-бекеттің бірінде көлік жүргізушісі полицейді қағып кетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыдағы блок-бекеттердің бірінде көлік жүргізушісі тәртіп сақшысын қағып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының блок-бекетінде жүргізуші полицейді қағып кетті (видео)

Фото: polisia.kz

Порталдың дерегіне сүйенсек, оқиға 30 сәуір Алматы қаласының Медеу ауданында түсқайта болған.

"BMW" маркалы автокөлік жүргізушісі Талғар жолымен батысқа қарай жүріп бара жатып, №13 блок-бекетте тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен.

Абырой болғанда полицей зардап шекпеген. Көліктің тізгінінде 1943 жылғы азамат болған екен.

Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнында 610-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Көлікпен адам қағу фактісі туралы тергеу ісін Медеу аудандық полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімшесі жүргізеді.

Оқиғаның басқа да жай-жапсары заңнамаға сәйкес қабылданған шараларға байланысты анықталатын болады.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Шымкентте те орын алған еді. Ол кезде Lexus LX 570 көлігінің 33 жастағы жүргізуші жолда өз міндетін атқарып тұрған тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен болатын.

Көлік жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы блок-бекеттің бірінде көлік жүргізушісі полицейді қағып кетті (видео)