Выйти
RU

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада коронавирус жұқтырғандардың саны 1028-ге жеткендігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның сөзінше, вирус көбінесе ересектер арасында тіркеліп жатыр.

"Барлық контингент бойынша айтсақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 37 жағдай болса, 15-19 жастағы балалар арасында 54 жағдай тіркелді. Бұл барлық аурулар санының 5,4 пайызы. Ең көп тіркелген 20-29 жастағы ересектердің саны -340. 30-39 жастағы ересектер арасында 184 жағдай тіркелді. 40-49 жастағылар арасында 164 адам, 60-тан асқан үлкен кісілерден 70 адам қауіпті дертті жұқтырды", - деді Бекшин.

Одан бөлек, мегаполисте коронавирус инфекциясы салдарынан сегіз адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Cоңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3356-ға жетті. Оның 858-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты.

Естеріңізге сала кетейік, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 11 мамырға дейін Төтенше жағдай режимі жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты