RU

Алматы облысында Заречный кенті карантинге жабылды

Коронавирустың таралуына байланысты Алматы облысында Заречный кенті карантинге жабылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында Заречный кенті карантинге жабылды
Фото: NUR.KZ: Original
"Бүгін Қапшағай өңірінде COVID-19 індетін жұқтырған 13 адам тіркелді. Олардың бесеуі Қапшағай қаласында, алтауы Заречный кентінде анықталса, екі адам – Атыраудан жеткізілген "Теңізшевройл" ЖШС-ның вахталық жұмысшылары. Ауырғандардың үлкені 1958 жылы туған азамат, кішісі – 8 айлық бала.
Қазіргі уақытта Қапшағай өңірінде жалпы саны 15 адам тіркеліп отыр.
Осыған байланысты Қапшағай қалалық штабтың шешімімен Заречный кентінде бүгіннен бастап карантин енгізілді", - деп хабардар етті әкімдіктен.

Сондай-ақ, коронавирус табылған адамдардың барлығы тиісті ем алу үшін медицина мамандарының бақылауына алынған.

Сонымен қатар COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған 187 адам анықталған. Олардың 24-і – жақын, 163-і – сырттай қарым-қатынаста болғандар.

Қазір байланысты болғандар оқшауланып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысындағы Жаркент қаласының 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылатынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1853888-almaty-oblysynda-zarecnyj-kenti-karantinge-zabyldy.html