Выйти
RU

Ресейде ауруханадан қашып кеткен ер адам отбасына коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде коронавирус инфекциясы расталған Благовещенск қаласының тұрғыны ауруханадан қашып шығып, отбасы мүшелерінің барлығына коронавирус жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ресейде ер адам ауруханадан қашып, отбасына коронавирус жұқтырған

Фото: pixabay.com

"Полициямен бірігіп, ер адамды аурухана қайтардық. Содан кейін, екі күн бойы отбасы мүшелерін іздеп тауып, тестілеуден өткіздік. Нәтижесінде бес адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр. Оның ішінде 1 айлық нәресте бар", – дейді Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау қызметінің облыстық басқарма басшысы Ольга Курганова.

Айта кетейік, бұл COVID-19 анықталған пациенттердің қалалық емдеу мекемелерінен қашып кетуінің алғашқы жағдайы емес. Осыған ұқсас оқиға 26 сәуірде орын алған болатын.

Ол кезде ер адам жұқпалы аурулар ауруханасынан терезе арқылы қашып кеткен. Полиция қызметкерлері жарты сағаттан кейін оны тауып, палатаға қайтып әкелген. Енді қашқын 700 мың рубль айыппұл төлеуі немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Биліктің мәліметі бойынша, жалпы Амур аймағында коронавирус жұқтырған 56 адам бар, соңғы тәулікте 10 жаңа дерек тіркелген.

Елдегі ахуал жайлы айтсақ, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3356-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде ауруханадан қашып кеткен ер адам отбасына коронавирус жұқтырды