Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар 42500 теңгені жіберген-жібермегенін онлайн тексере ала ма

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев Telegram арнасында 42 500 теңге әлеуметтік төлемнің өтінішін іздеудің жаңа функциясы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Вице-министр "шотқа ақша жіберілді ме?" деген сұрақ көп түсіп жатқанын жасырмады. Одан бөлек, нақты ЖСН бойынша да тексеріп беруді жиі өтінетіндердің бар екенін жеткізді.

"Сондықтан сіздердің әрқайсыларыңыз ақшаның жіберілгендігін және жіберілсе қайда түскендігін білулеріңіз үшін цифрлық командамыз соңғы бірнеше күн бойы бірқатар интеграциялық және техникалық жұмыстар жүргізді. Ендігі уақытта egov.kz және 42500.enbek.kz -те өтінім статусынан ақша жіберілгендігін тексеруге және жіберілсе қай банкке аударылғанын көруге болады", - деді Мұқышев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі орынбасарының атап мәліметінше, өтінім мақұлданып, ақша жіберілген болса, онда статус бесінші қадамды жасыл түспен көрсетеді және төменгі жағында қай банкке 42 500 теңге жөнелтілгендігі жазылады.

Ол картаға түскен ақшаны көрмеген жағдайда, банкке жүгіну қажет екенін ескертті.

"Егер өтінім мақұлданғанымен шот нөмірі қате көрсетілсе, онда статус бесінші қадамды сары түспен көрсетеді және төменгі жағында сіздің дұрыс шот нөміріңізді алуымыз үшін не істеуіңіз керектігі туралы ақпарат болады. Мұндай қателіктерді біз жиі анықтаймыз. Сонымен қатар оны жиі көре де бермейміз және банктер ақшаны кері қайтарып жібереді. Мұндай жағдайда біздің базамыз арқылы немесе СМС арқылы басқа есепшот іздеуге тура келеді", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңгені екінші рет кімдердің алмайтынын хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853920-kazakstandyktar-42500-tegeni-zibergen-zibermegenin-onlajn-teksere-ala-ma/

pixel