Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде 3,2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, 233 мыңы көз жұмған

Опубликовано:

оронавирус инфекциясы бүкіл әлемге таралуда. Бүгінде дүние жүзінде 3,2 миллионнан астам адам оны жұқтырып үлгерген. 233 мыңнан астамы көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде 3,2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, 233 мыңы көз жұмған
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Джонс Хопкинс университетінің сайтындағы мәліметке сәйкес, 1 мамыр күні таңертең әлем бойынша 3 256 570 адам коронавирус жұқтырған.

233 363 адам инфекцияның құрбаны болды. Айта кету керек, сауыққан адамдардың статистикасы оң динамиканы көрсетеді.

Осылайша, бүкіл әлемдегі дәрігерлер 1 014 524 адамды коронавирустан емдеген. Америка Құрама Штаттары вирус жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы болып қала береді.

Онда 1 099 534 адам жаңа инфекцияны жұқтырды. Зардап шеккендердің саны қазірдің өзінде 61 мыңнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Испания тұр. Бұл елдің билігі 213 мыңнан астам инфекция жұқтыру дерегін тіркеді.

Италия үшінші орында тұр. Онда 205 463 адам инфекция жұқтырды. 30 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда КВИ инфекциясын жұқтырғандардың саны 3400-ден асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853927-lemde-32-millionnan-astam-adam-koronavirus-zktyryp-233-myy-kz-zmgan/

pixel