Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш жаңа бейнебаянның қашан жарық көретінін хабарлады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген жаңа клипінің тұсауын бүгін кеспек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.

Димаш су жаңа бейнебаянның
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Қазақстаннан шыққан әлемдік жұлдыздың су жаңа бейнебаяны 1 мамыр күні астана уақытымен сағат 20:00-де әншінің YouTube арнасынан көрерменге жол тартпақ.

"Қымбатты достар, бүгін кешкі сағат 20:00-де, менің Youtube каналымда жаңа музыкалық бейнебаянымның ресми тұсаукесерi болады. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін",– деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, 20 сәуір күні Димаш коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне "We Are One" атты ән арнаған болатын.

Одан бөлек, бұған дейін Димаш Батырхан Шүкеновті сағына еске алғандар қатарынан табылған еді. Димаш Құдайберген де өзінің ресми парақшасы арқылы өзге де өнер жұлдыздары секілді марқұм әншіге деген сағынышын жеткізген.

Сондай-ақ, Димаш елді мойындатқан әнші ғана емес, шебер футболшы екенін де дәлелдеді. Желіде өнер иесінің бір орында тұрып, допты жерге түсірмей теуіп жатқан сәтінен видео тарап кетті. Өзін жаңа қырынан танытқан тума талантқа жұрт сүйсініп, оның ерекше қабілетін жоғары бағалаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853941-dimas-zaa-bejnebaanny-kasan-zaryk-kretinin-habarlady/

pixel