Выйти
RU

Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордалық жасөспірімдер "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнімен қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Бұл ән халық арасында махаббат пен теңдіктің әнұранына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Бейбітшілік және келісім сарайының "Туған жер" шығармашылық студиясы оқушылары қазақстандықтарға ерекше сый жасады. Әр жастағы түрлі ұлт өкілдері "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнін бірге орындады.

Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Ән авторлары – Анастасия Чеважевская және Лиза Васильева.

"Біз Қазақстан халқына ерекше құттықтау жолдағымыз келді. Мәтінінде біз ұлтымызға, ұстанатын дінімізге, түр-түсімізге қарамастан, бәріміз теңбіз делінген ән арнадық",– деді "Бебітшілік және келісім сарайы" МКҚК директоры Дилбар Амирова.
Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

"Біз Қазақстанның ұлттық және діни ерекшеліктерге қарамай, халықты бірлікке шақыру саясатын жалғастырғанын қалаймыз. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім тілейміз",– деді Д.Амирова.
Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – мемлекеттік мереке, ол 1996 жылдан бастап атап өтіле бастады. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады