Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза кезінде асқазанды тексеру үшін шланг жұтуға бола ма

Опубликовано:

Рамазан айында асқазан, өңеш, ішік жолдарын тексеру үшін шланг жұтса (ФГДС) бола ма, жалпы ораза кезінде шланг жұту дұрыс па? Оқырмандардың бұл сауалына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөліма жауап береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: newhospital.ru
Көрнекі фото: newhospital.ru: Depositphotos

ҚМДБ-ның мәліметінше, жалпы алғанда шланг жұту оразаны бұзбайды. Өйткені, оразаны бұзу үшін шланг толығымен ішке кіруі тиіс.

Ал бұл жағдайда шлангтың бір бөлігі сыртта қалады.

"Дегенмен, шланг арқылы асқазанға бір нәрсе түссе оразаны бұзады. Осыған орай шлангқа дәрі жағып, жұтқызатын болса оразасы бұзылып, бір күн қазасын өтейді", - дейді дін мамандары.  

Имам Хаскафи: "Егер адам ағаш немесе ұшына тамақ байланған жіп жұтса, оның бір ұшы сыртта қалып және әлгі заттан іште бір бөлігі қалмаса ораза бұзылмайды. Себебі ораза бұзылуының шарты іште қалу" деген екен.

Айта кетейік, бұған дейін пәтуа бөлімі оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы айтқан еді.

Сонымен қатар Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай Рамазан айында ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ азаматтар мәселен денсаулығы көтермейтін жандарға не істеу керектігін айтып, кеңес берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854006-oraza-kezinde-askazandy-tekseru-sin-slang-ztuga-bola-ma/

pixel